Qalady Jurek Solai
Жалғабай Асхат Айтпайұлы
Не кедергі енді,
Арамызды мұздаған?
Ойлай бере соны,
Күндерімде боздаған.
Енді маған айтшы!
Бөлісіп, тіл қатшы!
Жүректі қинамай...
Айтасың болды, бітті!
Өтті, кетті...
Өзгеге қия алмай
Мені бір үміт күтті
Бір болуды,
Қалады жүрек солай!
Ұмытшы дейсің бәрін
Бақытқа толы шақты
Қалай дәтің барды,
Айтуға олай қатты?
Енді маған айтшы!
Көзіме қарап айтшы!
Расымен болды ма?!