Ademi Omir

Dulat Mukhametkaliyev

Уақыт ериді граммдап, түннен таңға дейін gram'да
Онда әлем сүйкімдірек, 2D-да болса да
Бәрінің тістері ап-ақ, көздері жалт-жалт,
Еріндері сүт-сүт, тілдері жалпақ
Көліктері лак-лакс,Киімдері дәп-дәу,
Өздері ап-арық,қыздары фап-фап,
Бәрі керемет өмір-миллион лайк,
Біреу сенбид, біреу көре алмайд,
"Бұл жай trip, түк етпид,"
Сұр қабырғаны көркемдейік
Уақыт ериді граммдап, түннен таңға дейін gram'да
4 бұрышты әлем сүйкімдірек, бәри ұмтылад, бәрі күтед, бірақ....

Әдемі өмір тек жарнамада, ал сенің қорабың қай арнада?
Мына қалада кілең шағалалар:"болам жаныңда, тек нан бар ма?"

Маған Сөйлемесін дид, өзін кім деп санайд
Құдай рұқсат берд bitch сенен сұрамайм
Түрлі түсті қаламды алып-алып, сұр болған өмірді бояғым келд
Қарыным ашқанда қорап қосамын, тек кеспеге тоямын деп
Негізінде бәрін білеміз эй, ақпарат деген теңіз ей, бата қоймайтын кеме істейік тек ағаларымыз неге семіз ей? Біз де сонда кімнен кембіз ей? Тәуелсіздік құтты болсын ей, еркіндікті үйренеміз кейін, әдемі өмір күтеміз тек...

Әдемі өмір тек жарнамада, ал сенің қорабың қай арнада?
Мына қалада кілең шағалалар:"болам жаныңда, тек нан бар ма?"

Біздің үйдің кірпіштері лайдан істелген,
Адал адам болғың келсе, пайда іздеме,
Қаймақтарың бәрі кейін қайнап, піскенде,
Бақыттың көлігі келед жайлап бізге де, бірақ

Wissenswertes über das Lied Ademi Omir von ZAQ

Wer hat das Lied “Ademi Omir” von ZAQ komponiert?
Das Lied “Ademi Omir” von ZAQ wurde von Dulat Mukhametkaliyev komponiert.

Beliebteste Lieder von ZAQ

Andere Künstler von Contemporary R&B